Газтурбиналы газ айдағыш агрегаттар. Оқу құралы
Об издании
Оқу құралында компрессорлық станциялардың (КС) табиғи газды сығу үшін пайдаланатын газ турбиналы ортадан тепкіш айдағыштарға байланысты мәселелер қарастырылған. Газ турбиналы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланатын компрессорлық станцияларға жеке нысан есебінде сипаттама берілген. Сондай-ақ, әртүрлі таңғыштардағы газ айдағыш агрегаттардың (ГАА) қосылуындағы компрессорлық станциялардың технологиялық сұлбалары; газ турбиналы қозғалтқыш-тардың және газ айдағыш агрегаттардың түрлері; газ құбыры мен газ турбиналарының және газ айдағыштардың арасындағы өзара байланыстары қарастырылған. Газ айдағыш агрегат құрылымдарының ерекшеліктері және олардың сипаттамалары келтірілген. Газ айдағыш агрегаттарды пайдалану процесінде оның техникалық күйін және қуатын анықтаудың әдістері мазмұндалған. Компрессорлық станциялардағы газ айдағыш агрегаттарды пайдаланудағы сенімділік және тиімді көрсеткіштерге, қоршаған ортаны қорғауға және техникалық қауіпсіздікке назар аударылған. Бұл кітап оқу құралы ретінде «Мұнай-газ кәсіпшілігі машиналар мен жабдықтар» мамандығында оқитын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған, соның ішінде «Газтурбиналы газайдағыш агрегаттар» пәнін оқытуға арналған. Сонымен қатар, оны басқа жоғары оқу орындарындағы мұнай-газ газ мамандығында оқитын студенттер мен инженер техник қызметшілерде пайдалануға болады.
Библиографическая запись
Абдукаримов, С. А. Газтурбиналы газ айдағыш агрегаттар : оқу құралы / С. А. Абдукаримов. — Алматы, Москва : EDP Hub (Идипи Хаб), Ай Пи Ар Медиа, 2024. — 130 c. — ISBN 978-5-4497-2764-0. — Текст : электронный // Цифровой образовательный ресурс IPR SMART : [сайт]. — URL: https://www.iprbookshop.ru/137407.html (дата обращения: 17.04.2024). — Режим доступа: для авторизир. пользователей